Бензин бағасының шарықтауына кәсіпкерлердің ауызжаласуы себеп болуы мүмкін – депутат

838

Бензиннің қымбаттауына кәсіпкерлердің өзара ауыз жаласып, құпия сөз байласуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.   

Бензин бағасының шарықтауына кәсіпкерлердің ауызжаласуы себеп болуы мүмкін – депутат

Шарықтап кеткен жанармай бағасына қатысты Мәжіліс депутаты осындай пайым айтты.  Альберт Раудың мәліметінше, жыл басынан АИ-92 маркалы бензиннің құны Алматыда 150,  Елордада - 170 теңгеге дейін, Ақтауда – 172, ал мұнайлы қала Атырауда 200 теңгеге дейін жеткен.  Депутат бензин бағасының аспандауы тарифтердің, тауарлар мен қызметтердің құнын арттырып, қарапайым қазақстандықтардың қалтасына қосымша салмақ түсетінін атап өтті. Ал энергетика министрлігінің "Біз жанармай бағасын бақылай алмаймыз, оны нарық реттейді" деген түсініктемесін Рау мырза сылтау деп отыр. Сондықтан, депутат Үкіметтен бензин бағасын тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылдауды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу