Елімізде соңғы күндері арзандай бастаған бензин бағасы енді тұрақты болады. Әсіресе сұраныстағы АИ-92-нің құны қазіргідей 158-160 теңгенің көлемінде сақталмақ. Бүгін энергетика вице-министрі осындай болжам жасады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Айтуынша, бензин мен солярканың жеткілікті қоры жиналып, жанармай нарығы тұрақталыпты. Сондай-ақ вице-министр, Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының өртенуіне де жауап берді. Айтуынша, құбырдың жарылуынан шыққан тілсіз жаудың кесірінен зауыт өндірісті екі есеге қысқартқан. Яғни, тәулігіне 14 мың тонна орнына 7 мың шығаруға мәжбүр. Бірақ бұл жанармай тапшылығы мен баға саясатына еш әсер етпейді деп сендіріп отыр. Өйткені, залалды қалпына келтіру үшін бір аптадай ғана уақыт қажет екен.