Мұндай деректі LS келтірген Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйеніп таратады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
7 айда елге $224,5 млн-ға 264,7 мың тонна дизель отыны әкелінген. Бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге артық. Негізгі жеткізуші – Ресей (258,5 мың тонна). Беларусьтен жеткізілім 60,8 есеге өсіп, 3,6 мың тоннаға жетсе, Қырғызстаннан керісінше, импорт 1,6 есеге – 2,4 мың тоннаға дейін төмендеді.
Автомобиль бензинінің импорты 4,6 есеге азайып, 107,8 тоннаны құраған. Барлық көлем Ресейден түсті. Бұдан бөлек, Қазақстан 47 тонна авиациялық отын импорттады, бұл былтырғы көрсеткіштен 3,2 есеге аз болып тұр.
Сондай-ақ, автомобиль отынының экспорты да төмендеді. Қаңтар-шілде айларында шетелге $59,6 млн-ға 79,1 мың тонна өнім жіберілді. Өткізудің ең ірі нарығы – Өзбекстан, онда 43,7 мың тонна жеткізілді. Ресейге 8,7 мың тонна экспортталды, бір жыл бұрын бұл бағытта жеткізілім болмаған еді.
Ауғанстанға экспорт 1,6 есеге – 17,9 мың тоннаға дейін, Тәжікстанға – 3%-ға, 4,5 мың тоннаға дейін өсті. Сонымен қатар, Қазақстан Әзербайжан мен Грузияға бензин жеткізе бастады. Дизель экспортқа дерлік жіберілген жоқ: 1 мың тонна маусымаралық отынды Қырғызстан сатып алды.
Бұл ретте отынның ішкі өндірісі дерлік өзгерген жоқ. Жеті айда Қазақстанда авиациялық отынды қосқанда 3,5 млн тонна бензин өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2%-ға артық. Дизель отынын шығару 2,5%-ға өсіп, 3,7 млн тоннаға жетті.