Бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салу ұзартылды

808

2022 жылғы 12 шілдеден бастап бензин мен дизель отынын ел аумағынан алып шығуға тыйым салынды. 

Бензин мен дизель отынын автокөлікпен әкетуге тыйым салу ұзартылды

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі мен өзге де ведомстволардың мұнай өнімдерін әкету мәселесі туралы бірлескен бұйрығына сәйкес бұл шектеу елімізде 6 ай мерзімге қайта енгізіліп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған бұйрықта. 

2021 жылғы қарашада енгізілген мұнай өнімдерін (дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін) автокөлікпен әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың мерзімі 2022 жылғы 21 мамырда аяқталды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов мораторий тағы жарты жылға ұзартылатынын хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу