Бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым уақыты тағы ұзарды

498

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым уақыты 6 айға ұзарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Бензин мен дизель отынын экспорттауға салынған тыйым уақыты тағы ұзарды Фото: gov.kz

Тиісті бұйрыққа Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қол қойды. Құжат ҚР НҚА эталондық бақылау банкінің ресми порталында жарияланды.

"Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отынды және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу