Бензин мен дизель отынын көлікпен әкетуге тыйым 6 айға ұзартылды

532

Энергетика министрлігі, Қаржы министрлігі, ІІМ және ҰҚК бірлескен бұйрық шығарды. 

Бензин мен дизель отынын көлікпен әкетуге тыйым 6 айға ұзартылды Фото: inbusiness.kz

Қазақстаннан бензин мен дизельді автомобиль көлігімен әкетуге тыйым жарты жылға ұзартылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.

Бұл зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуге, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуге, жағармайға қатысты емес.

Бұйрық 14 тамыздан бастап күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу