Бензин өндірісі 2,9 млн тоннаға ұлғайды

1015

Бензин өндірісі 2,9 млн тоннаға ұлғайды

Бензин өндірісі 1,5 милионнан 2,9 млн тоннаға жетті. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.

"Біз Қазақстандағы мұнай өнімдерін белсенді қолданудың көрсеткішіне ие болып отырмыз. 2001 жылы 1,5 млн автомобиль тіркелген болатын,  2016 жылы олардың саны  3,9 млн-ға  жетті. Сәйкесінше, бензинді қолдану  2001 жылмен салыстырғанда  2,5 есеге көбейді", –  деді Әсет Мағауов.

Әсет Мағауовтың айтуынша, қолданудың артуы жеңіл көліктер санының артуына байланысты болып отыр. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы жеңіл көліктердің басым бөлігі АИ-92 маркалы бензинін тұтынатындығын жеткізді.

"Техникалық паспорт пен экологиялық тәртіптер негізінде барлығы 92 бензинін тұтыну керек. АИ 80 – органикалық нарық – бұл өте ескі автомобильдер мен жеке көліктерге бағытталған", - деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу