Жексенбі күні Оралдағы жанармай құю стансаларында АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттады, деп хабарлайды КазТаг.
"Орта есеппен баға үш теңгеге қымбаттады. Сонымен, егер бұрын АИ-92 бағасы "ҚазМұнайГазда" 140 теңге тұрса, онда қазір оның бағасы 144, "Беркут" бекетінде АИ-92 "Премиум" литрі 137 теңге, ал "Нормал" – 133. Бұл жерде бағасы сәйкесінше, 3 және 2 теңгеге көтерілген", - делінген жарияланымда
Сонымен қатар, "Нефтэк" жанармай құю стансасында бензин литрі Т141 болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу