Қазақстанда бензин бағасы тағы көтерілді, деп хабарлайды 24.kz.
Ірі жанармай құю желілерінде АИ-92-нің бағасы 143 теңгеге жетті. АИ-95 орта есеппен – 155, ал АИ-98 162-165 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ақпан айында көп тұтынылатын бензин бағасы 3 рет өскен. Сарапшылар орта есеппен 12 пайызға өсетінін, тіпті көрші Ресей елімен теңесуі мүмкін екенін болжаған еді.
Елде көлік саны артып, жанармайға сұраныс өсті. Дегенмен энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттары толығымен жаңартылған соң ішкі қажеттілікті отандық өндірушілер толық жабады деген ақпарат берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу