Бензин тасымалына салынған тыйым 6 ай сайын ұзартылады

784

Еуропа мен Орталық Азияға 180,7 мың тонна бензин экспортталды. 

Бензин тасымалына салынған тыйым 6 ай сайын ұзартылады

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Нұрлан Ноғаев ел аумағынан тыс жерге автокөлікпен бензин әкетуге салынған тыйымның уақытына өзгеріс енгізілетінін айтты.  

Министрдің сөзінше, жанар-жағармай тапшылығын болдырмау мақсатында ел аумағынан автокөлікпен бензин әкетуге салынған тыйым 6 ай сайын ұзартылады.  

"Осыған байланысты уәкілетті тұлғаларға бұйрықтың мерзімін ұзарту бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын!" – деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің дерегінше, былтыр мұнай өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өсіп, 17,2 млн тоннаны құрады. 2019 жылы мұнай өнімдерінің авиакеросин, дизель отыны, бензин, мазут сынды негізгі түрлерін өндіру көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 9,5%-ға ұлғайды. Биыл мұнай өнімдерінің ішкі тұтынуын негізге ала отырып, өңдеу көлемін12,5 млн тоннаға жеткізу жоспарланған. Қажеттілік туындаған жағдайда мұнай өңдеу көлемін ұлғайтылады. Бұл үшін арнайы резер бар.

"Отандық мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ішкі нарықтың қажеттілігі толығымен өз күшімізбен өтеледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтың бензинмен, дизел отынымен және авиакеросинмен қамтылуы 100%-ды құрады. Ал Еуропа мен Орталық Азияға 180,7 мың тонна бензин экспортталды", – деді энергетика министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу