Бензин және дизель отынының бағасы қымбаттайды - Болат Ақшолақов

763

Энергетика министрлігі 12 сәуірден бастап жанар-жағармай бағасын көтеруді жоспарлап отыр

Бензин және дизель отынының бағасы қымбаттайды - Болат Ақшолақов Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Энергетика министрінің м.а. Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылығын азайту қажет. Бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет", - деді ол.

Атап айтқанда, АИ-92 и АИ-93 маркалы бензин бағасын литрі үшін 182-187 теңгеден 205 теңге қылу жоспарланып отыр (өсім – 11%). 

Ал, дизель отынының бағасын литріне 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін өсіру жоспарланып отыр. Орташа есеппен өсім 20%-ды құрайтын болады, деді министрдің м.а.

Болат Ақшолақовтың сөзінше, тиісті бұйрық жобасы бүгін жарияланбақ. 

"Қазіргі төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз. Екіншіден, бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге "ағын" жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық. Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция "көлеңкелі" нарықты дамытып, ұлттық экономикаға, мүддеге кері әсерін тигізеді. Төртіншіден, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр", - деп түсіндірді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу