Берденов "о дүниеден де алып шығамын" деп уәде берді – Ернар Жиенбай

"Шымкент әкімінің орынбасарына оқ жаудырды" делінген күдікті сол күні мас болмағанын айтты. 

Берденов "о дүниеден де алып шығамын" деп уәде берді – Ернар Жиенбай Фото: Татьяна Корякина

Оның сөзінше, тергеу кезінде өзге мәліметтерді қысыммен ғана берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Ернар Жиенбай бүгінгі сот отырысында көпшілікті дүр сілкіндіретін мәлімдемелер жасады. 

Оның айтуынша, жәбірленуші Руслан Берденов одан қала әкімін тапсырыс беруші ретінде көрсетуін сұраған көрінеді.

– Ең таңғаларлығы – ол (Руслан Берденовті айтады) менен өзіне қастандық жасау туралы тапсырманы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аппарат басшысы арқылы берген деп айтуымды өтінді. Яғни, мені киллер ретінде жалдағысы келген. Ол (Берденовті айтады) мені тіпті о дүниеден де алып шығамын деп уәде берді, – деді айыпталушы.

Сол-ақ екен, прокурор оның сөзі үзіп, судьядан сұрақтарға көшуге сұраған. 

"Құрметті төраға, айыпталушы іс бойынша қатысы жоқ мәліметтер айтып отыр. Егер ол жауабын аяқтаса, сұрақтарға көшуді сұраймын" деп сөзін нақтылаған прокурор.

Сотталушы "Әкімнің бұл іске қатысы жоқ" деп сөзін түйіндеген. 

Осыған дейін Руслан Берденовке оқ жаудырған азамат сотта өз шындығын айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу