"Өлтіретін болсам, қашуға мүмкіндік бермес ем": 9 жылға сотталған Ернар Жиенбай сот үкімімен келіспей отыр

Ол биологиялық өлім болмағандықтан, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы тағайындалады деп ойлаған.  

"Өлтіретін болсам, қашуға мүмкіндік бермес ем": 9 жылға сотталған Ернар Жиенбай сот үкімімен келіспей отыр Фото: kursiv.media

Бірақ, бүгін сот Ернар Жиенбайды Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасағаны үшін 9 жылға соттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Айыпталушы Руслан Берденовке 5 рет оқ атқанымен, оны өлтіруге оқталмағанын айтты. 

– Менің өлтіру ниетім болмаған. Руслан Арысбекұлының "мені өлтірмекші болдың!" дегенін қорқыныштан айтқан сандырағы деп ойлаймын. Видеода көргендеріңіздей, өлтіретін болсам, қашуға мүмкіндік бермес ем. Үкім денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабымен болады деп ойладым. Себебі, нақты аяқталған қылмыс – сол. Биологиялық өлім болған жоқ, – дейді ол. 

Ол апелляциялық шағым түсіретіні не түсірмейтіні туралы нақты дерек келтірмеді. 

Бұған дейін Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбайдың 9 жылға сотталғанын жазған едік.

Бірнеше күн бұрын прокурор Ернар Жиенбайды 11 жыл, 3 айға соттауды сұраған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу