Бердібек Сапарбаев 20 балаға домбыра сыйлады

1669

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясын қорытындылады. 

Бердібек Сапарбаев 20 балаға домбыра сыйлады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астана қаласының 20 жылдығы аясында 20 балаға домбыра сыйлады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында баспана, жалақыны өсіру жайын тапсырды. Жастарды қолдауды ерекше атап өтті. Алдағы уақытта шағын кәсіпті қолдау жалғасады. Бір ғана Ақтөбе облысына шағын бизнесті дамыту үшін 5 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл ақтөбеліктердің жаңа іс бастап, жұмыс орнын ашуына мүмкіндік береді", – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиында.

Өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен биыл өңірде 300-ден астам қайырымдылық шара ұйымдастырылды. Ал Шамиль Каспранов "Жомарт жан" төсбелгісін иеленді. Сондай-ақ Ассамблея қатарында жастардың қатары артты.

"Этно-мәдени бірлестік өкілдерінің жастары арасынан "Жаңғыру жолы" аймақтық тобы ашылып, олар Ақтөбедегі киелі жерлерді аралады. Барлығы 27 жас Қобда, Алға, Ойыл, Қарғалы, Мәртөк аудандарында болып, тарихи деректермен танысты", – деді Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов.

Айта кетейік, сессия кезінде облыс әкімі Астана қаласының 20 жылдығы аясында 20 домбыра тарту етті. Домбыра алған өзге ұлт өкілдерінің бәрі домбыра үйірмесіне қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу