Бердібек Сапарбаев: "Алқаптан сөреге дейін" жобасына 1 млрд теңге бөлінді

747

Жамыл облысында азық-түлік бағасын төмендету бойынша қандай шаралар қабылданған? 

Бердібек Сапарбаев: "Алқаптан сөреге дейін" жобасына 1 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев елордадағы есеп беру жиынында өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айтуынша, бүгінде облыста тұрақтандыру қорының өнімдері төмендетілген бағамен сатылатын 29 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Биыл осындай тағы 12 дүкен ашу жоспаланған.

"Осы бағытта өңірде жүзеге асып жатқан  "Алқаптан сөреге дейін" пилоттық жобасының маңызы зор. Ол үшін 1 млрд теңге бағытталған. Аталған жоба аясында азық-түлік тауарларын сатып алуды тұрақтандыру және қамтамасыз ету мақсатында төрт сауда желілері анықталып, онда делдалдарсыз 2 сүт фермасы, құс фабрикалары және 2 500 жеке қосалқы шаруашылықтардың, 14 жеке кәсіпкерлердің, 17 шаруа қожалықтардың сондай-ақ  22 кооператив өнімдері жеткізілуде", – деді облыс әкімі. 

Осылайша осы уақытқа дейін сауда желілері арқылы 5,8 мың тонна азық-түлік тауарлары және 4 млн жұмыртқа сатылған.

"Нәтижесінде қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 20-25%-ға өсті, азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 10-20%-ға төмендеді. Бес ай ішінде облыста 42 ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті. Онда барлығы 460 млн теңгенің 1104 тонна ауылшаруашылық өнімі сатылды. Өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15-20% төмен", – деді Бердібек Сапарбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу