Бердібек Сапарбаев баспасөз қызметтерінің сылбырлығын сынға алды

960

"Баспасөз қызметтері "өрт" қашан болады деп күтіп отырады".

Бердібек Сапарбаев баспасөз қызметтерінің сылбырлығын сынға алды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысқан Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтеріне жиі бағыт беріп тұру керектігін айтты. 

"Барлық мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің жұмысын үйлестіру туралы өте дұрыс айтылды. Бұл жерде министрлікке үйлестіру, бағыт беру бойынша жұмысты күшейту қажет. Халыққа кез келген ақпарат уақтылы берілуі керек. Айтылған сөздің жаны бар, кейде біз кешігіп жатамыз. Кейде оқиға барлық әлеуметтік желіде талқыланып кеткеннен кейін ғана қимылдаймыз. Баспасөз қызметтері қашан "өрт" болар екен деп күтіп отырады. Содан кейін оны апыл-ғұпыл "өшіре" бастайды. Мен осы бағытта тиісті өзгерістер енгізу қажет деп ойлаймын", – деді вице-премьер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу