Бердібек Сапарбаев: экономика өсімі шамамен 4 пайызды құрады

850

Бердібек Сапарбаев: экономика өсімі шамамен 4 пайызды құрады

Ақтөбе облысы әлеуметтік-экономикалық даму бойынша көшбасшы аймақтардың арасында. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев аймақтық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында хабарлады, деп жазады strategy2050.kz.
Жиынды ашқан облыс әкімі мемлекет басшысының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша тапсырмасының орындалуы және 2017 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру туралы толық ақпарат берді.

"Статистика мәліметтері бойынша бірінші жарты жылдықтың ішінде облыс бойынша экономика өсімі шамамен 4 % құрады. Барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өткен жылдан жоғары және республикалық деңгейден төмен емес. Бұл, әрине, президенттің, үкіметтің қолдауымен және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың арқасында",- деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, экономиканың белсенді өсімі Ақтөбе облысының республикадағы жылдам дамитын өңірлерлердің бестігіне кіруге мүмкіндік берді.

Есептік кезеңде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 4,9% артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындармен 700 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Ақтөбе облысы әкімдігінен хабарлағандай, өңдеу өнеркәсібі 111,4% өсті. Аталмыш көрсеткіш бойынша облыс еліміздегі өңірлер арасында екінші орынды иеленді.

Негізгі капиталға құятын инвестиция да ең үлкен көрсеткішті - 131,8% көрсетті.

Өңір экономикасына 160 млрд-тан астам теңге тартылды. Ағымдағы жылы 1700 жаңа жұмыс орындарын аша отыра жалпы құны 33 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Жалпы, өңірде 8,2 мың жаңа жұмыс орындары құрылды. Жыл  соңына дейін тағы осынша құрылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу