Бердібек Сапарбаев еңбек демалысын үзіп, апат болған аймақтарды аралады

683

Бердібек Сапарбаев еңбек демалысын үзіп, апат болған аймақтарды аралады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде болып жатқан жағдайға байланысты қысқа мерзімді еңбек демалысын үзді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бердібек Сапарбаев қаланың Махамбет, Кірпішті аудандары мен бау-бақша ұжымдарындағы ахуалмен танысты. Сонымен қатар №40 және Қарғалы орта мектептеріне уақытша орналастырылғандардың жағдайын білді.

"Егер мұндағы кісілердің жағдайы нашар, жұмысы қиын болса, материалдық көмек көрсетіледі. Айқайлаудың, шулаудың қажеті жоқ. Қазақта сөз бар "Сабыр түбі сары алтын деген. Бәрін білеміз табиғатқа ешкім қарсы келе алмайды. Бұл тек Ақтөбеде емес Қазақстанның түкпір-түкпірінде болып жатқан жағдай", – деді облыс әкімі Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Тасқыннан зардап шеккен халықтың негізгі бөлігі осында. Түстен кейін облыс әкімі Елек, Сазды өзендерінің сағасын қарап шықпақ.

Еске сала кетейік, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың жарлығымен төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазір құтқарған азаматтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр. Ыстық тамақ пен медициналық қызмет көрсетіледі.

Ақтөбе қаласының әкімі келтірілген шығынды анықтау үшін тексеру комиссиясын құрды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу