Бердібек Сапарбаев мүгедектер ұйымының жетекшісіне көлік кілтін табыстады

1474

Өз кезегінде, Құралай Бәйменова өзіне берілген автокөлікті мүгедек балалардың "Ғажап" қоғамдық бірлестігіне тарту етті.

Бердібек Сапарбаев мүгедектер ұйымының жетекшісіне көлік кілтін табыстады

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін "Біз біргеміз!" атты дәстүрлі салтанатты шара өтті. Осы жылы бұл шара мүгедектігі бар адамдар арасында белсенді өмір сүру салтын насихаттауға бағытталды.

Шараны мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық жұмыстары, олар еңбек етіп жатқан кәсіпорындар тауарларының көрмесі ашты.

"Өмір – күрес. Осы өмірге келдің бе – ештеңеге мойымай күресу керек, өмір сүру керек. Егер адам алдына міндет қойып, алға ұмтылса, еңбектенсе, онда ол міндетті түрде арманының орындалуына қол жеткізеді. Әрине, жақындардың,  туыстардың, достардың қолдауы қажет. Ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі жандар Құралай Базарбайқызының жұмысының арқасында зор қолдауға ие. Соның нәтижесінде мүгедектігі бар мыңдаған адам өмірде өз орнын тауып, отбасын құрды, көбінің ендігі немерелері бар. Бастысы – олар тұйықталып қалмай, жұмыс істеп жатыр және қоғамға пайда әкелуде",– деді шараға қатысқан Бердібек Сапарбаев .

Өңір басшысы "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын иеленген Ақтөбе облысының мүгедектері қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы Құралай Бәйменоваға арнайы көтергіштермен жабдықталған арнайы автокөліктің кілтін табыс етті.

Өз кезегінде, Құралай Бәйменова өзіне берілген автокөлікті мүгедек балалардың "Ғажап" қоғамдық бірлестігіне тарту етті.

Бұдан өзге, "Жайна" мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына, "Қазақ саңыраулар қоғамы" филиалына, Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе оқу-өндіріс кәсіпорнына,  аутизмі бар балалар ата-аналарының "РАСтёмка" облыстық қауымдастығына жалпы сомасы 1 млн теңгенің ақшалай сертификаттары табысталды.

Ақтөбе облысында уақытылы әлеуметтік қолдау көрсетіліп тұратын 27 мыңдай мүгедек бар. Былтыр 12 мыңнан аса мүгедек жан техникалық, гигиеналық заттармен, протезді-ортопедиялық бұйымдармен және шипажайлық емдермен қамтылды. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік жағынан  қолдау үшін барлығы 1,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу