Бердібек Сапарбаев: Нұр-Сұлтан қаласының мүмкіндігі шексіз емес қой

1489

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, жұмыссыз және баспанасыз елордада өмір сүру қиынға түседі.

Бердібек Сапарбаев: Нұр-Сұлтан қаласының мүмкіндігі шексіз емес қой Фото: sputniknews.kz

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарының елордаға қоныс аударуы мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әрбір адам елордада тұруға қызығушылық танытады, сондай-ақ көбісі өз балаларының Нұр-Сұлтандағы жоғары оқу орындарында білім алғанын қалайды. Бұл тұрғыда тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, себебі Нұр-Сұлтан қаласының мүмкіндігі шексіз емес қой. Бұл тұрғыда шаһардың өзіндік қуаты мен қажеттілігі бар", – деді Бердібек Сапарбаев парламент мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Үкімет басшысының орынбасары бұл мәселеде тұрғын үймен, балабақшамен және мектеппен қамтамасыз ету шаралары екенін атап өтті.

"Біз тыйым сала алмаймыз, алайда қай жерде тиісті жағдай жасалғандығы туралы түсіндіру шаралары жүргізілуі керек. Жұмыссыз және баспанасыз елордада өмір сүру қиынға түседі", – деді Бердібек Сапарбаев.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде өңірлерде өмір сүру жағдайын жақсарту бойынша тиісті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Елбасының тапсырмасына сәйкес әзірленген "Ауыл – ел бесігі" арнайы бағдарламасы бар.

"Осы бағдарламаның негізінде инфрақұрылым құрылуда. Бұл тұрғыда тиісті жағдай жасау үшін 3 мыңға жуық елдімекен айқындалды", – деді үкімет басшысының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу