Бердібек Сапарбаев Орыс мыс компаниясымен келісім жасады

808

Бердібек Сапарбаев Орыс мыс компаниясымен келісім жасады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен "Орыс мыс компаниясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Игорь Алтушкин инвестициялық серіктестікті дамыту туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, тараптар қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау саласындағы, никельді терең өңдеу жолымен өнеркәсіптік игеру, сонымен қатар, Ақтөбе облысының кәсіпорындарын жаңғыртудағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде келісті.

Аймақ басшысының айтуынша облыс экономикасына құйылатын инвестиция көлемі қол қойылған меморандум аясында кем дегенде 105 млн долларды құрайды.

"Біз әлеуметтік жауапкершілік аясында бірлесіп жұмыс жасау жөнінде келістік. Келесі жылы ОМК Ақтөбе облысында жеке қаражаты есебінен мүгедек балаларды емдейтін клиниканың құрылысын бастайды. Жалпы компания келісімшарттағы барлық міндеттемелерді орындап жатыр, жұмыс орындарын қысқартуға, қызметкерлердің еңбекақыларын кешеуілдетуге  және төмендетуге жол берілген жоқ", - деп атап өтті облыс басшысы.

"Бай табиғи ресурстар, облыс басшылығы тарапынан көрсетілетін қолдау мен біздің ресейлік активтер шоғырланған аумақтарға географиялық жағынан жақын болуы біз үшін осы ынтымақтастықты тартымды әрі перспективті етеді. Сондықтан біз жаңа жобаларға салынатын инвестицияларды өсіруге, Ақтөбе облысының кадр әлеуеті мен әлеуметтік саласын дамытуға дайынбыз",-деп мәлімдеді ОМК басшысы.

ОМК мәліметтері бойынша 2004 жылдан бері компания Қазақстан экономикасына 868 млн АҚШ долларын (оның ішінде 128 млн доллар – ағымдағы инвестициялар) инвестициялаған. Бүгінде компанияның қазақстандық дивизионында 1700-дей адам еңбек етеді, тағы 600-ге тарта адам жергілікті мердігерлік ұйымдарда жұмыс істейді. Ақтөбе облысының бюджетіне құйылатын жыл сайынғы аударым 1 млн АҚШ долларынан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу