Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов бірқатар нысанды аралады

1095

Азия елдері жазушыларының халықаралық форумының ашылуында жазушылардың аты берілетін аллеяға барды.

Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов бірқатар нысанды аралады

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев пен елорда әкімі Алтай Көлгінов салынып жатқан жаңа онкологиялық орталықтың құрылысымен танысты, деп хабарланды әкімдіктің сайтында.

Жобаға сәйкес ғимарат 6 қабаттан тұрады, медициналық мекемеде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін жетекші озық технологиялар пайдаланылатын болады.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов  елордалық №87 мектептің оқу жылына дайындығымен танысып, Азия елдері жазушыларының халықаралық форумының ашылуында жазушылардың аты берілетін аллеяға барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу