Бердібек Сапарбаев Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесті

1952

Кездесудің мақсаты - Елбасының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты халыққа Жолдауын түсіндіру. 

Бердібек Сапарбаев Ұлытау ауданының тұрғындарымен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Ұлытау ауданының активімен кездесті. Аймақ жұртшылығымен кездесуде Бердібек Сапарбаев Президент Жолдауының басым бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.
"Біз жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болып қайттық. Сапарымыздың мақсаты – аймақтағы ахуалмен танысу, тұрғындармен кездесу, Үкіметтің Елбасы мен Мемлекет басшысының міндеттерін қалай атқарып жатқаны туралы халықты хабардар ету, алдағы жұмыс туралы айту", - деді вице-премьер.
Ол Президенттің Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болатын бастамалар көрініс тапқан. Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру ел басшылығы саясатының басым бағыты болып табылады.
Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша азаматтардың қарыз жүктемесін төмендету бойынша жұмыс жүргізілді. Қазақстандықтардың несиелерінің бір бөлігін өтеу үшін бюджеттен қаражат бөлінді. Мемлекеттің қолдауы тек мұқтаждарға ғана берілуі тиіс. Үкімет қазір әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс істеуде, - деп атап өтті вице-премьер.
Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Тыңдаушы мемлекетті" қалыптастыру міндетін қойғанын атап өтті. Осыған байланысты қоғамдық кеңестердің, мәслихаттардың, азаматтық қоғамның, үкіметтік емес сектордың рөлі күшейтілетін болады.
Бердібек Сапарбаев өз сөзінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құқықтық тәртіп, Өңірлерді дамыту салаларында шешілетін міндеттерге тоқталды.
Кездесуде аудан ардагерлері, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының тұрғындары туризмді дамыту, моноқалаларға жас мамандарды тарту үшін сұрақтар қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ көмір бағасы, газдандыру, ауылдарды абаттандыру туралы сөз қозғалды.
Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек келесі жылы Алаша хан, Жошы хан кесенелеріне және өңірдің басқа да тарихи орындарына баратын жол, сондай-ақ Сәтпаев қаласы мен Ұлытау ауданын байланыстыратын жол жөнделетін болады деп атап өтті. Бұдан басқа, келесі жылы Ұлытау-Арқалық жолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу