"Берекелі баспана" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

1057

Құжаттар 6 тамыз мен 12 тамыз аралығында қабылданады. 

"Берекелі баспана" бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

"Тұрғын үй қоры" КММ "Берекелі баспана" жекешелендіруге құқығы жоқ жалдамалы тұрғын үй қалалық бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдайды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл бағдарламаға "Әлеуметтік жағынан осал" санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатысады. Оларға Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары, кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар, жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер, жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар, толық емес отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, оралмандар, экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар  салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары жатады.

Байланыс нөмірлері: 79-34-50, 8-776-120-29-73.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу