"Берекелі баспана" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

1191

Аталған бағдарламаға "Әлеуметтік жағынан осал", "Жетім балалар", "Көпбалалы отбасылар" санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады.

"Берекелі баспана" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

21 қазанда Нұр-Сұлтанда "Берекелі баспана" бағдарламасы бойынша жекешелендіруге жатпайтын жалдамалы тұрғын үйдің қалалық бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Аталған бағдарламаға "Әлеуметтік жағынан осал", "Жетім балалар", "Көпбалалы отбасылар" санаты бойынша кезекте тұрған азаматтар қатыса алады.  

Айта кетейік, әлеуметтік осал топқа Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары; кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; жетім балалар немесе ата-анасының қарауынсыз қалған азаматтар;  толық емес отбасылар; 1 және 2 топтағы мүгедектер; оралмандар;  экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар  салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары қатыса алады.

Құжаттар 21 қазан мен 25 қазан аралығында қабылданады, кезекте тұрғандарға 3 және 4 бөлмелі 14 пәтер беріледі. Оның 3 пәтері (үш бөлмелі) жетім балаларға, 3  пәтері (төрт бөлмелі) көпбалалы отбасыларға, 8 пәтер (үш бөлмелі) әлеуметтік жағынан осал топтарға үлестіріледі.

Бағдарламаның басты шарты оған қатысушылар "Әлеуметтік жағынан осал топтар", "Жетім балалар", "Көпбалалы отбасылар" санаты бойыншатұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтардің тізімінде тұруы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу