Елордада баспана кезегіне тұрған азаматтарға "Берекелі баспана" бағдарламасы бойынша сатып алу құқынсыз жалға берілетін пәтер алушылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау 28 қазан мен 8 қараша аралығында өткен болатын. Барлық талаптарға сай келіп, жалға берілетін баспанаға ие болатын азаматтардың тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланды.
Атап өтерлігі "Берекелі баспана" бағдарламасы бойынша 419 азамат іріктеуден өткен.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болғандардың арасында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ата-ана қамқорлығынан айырылғандар, көп балалы аналар және көп балалы отбасылар, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік әлсіз буындары бар.