"Берекелі отбасыдан шыққан жастар": Елімізде есірткі өткізушінің "портреті" өзгерді

495

Жыл басынан есірткі өткізді деген айып тағылған 6 кәмелетке толмаған бала сотталды. 

"Берекелі отбасыдан шыққан жастар": Елімізде есірткі өткізушінің "портреті" өзгерді Фото: freepik

Тағы 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қоғамда есірткі "жасырушыларды" (закладчик) үшін жазалаудың тым қатаңдығы туралы мәселе көтеріліп келеді. Бұл жастар мен жасөспірімдерді осы салаға белсенді тартумен байланысты. Есірткі өткізушінің "портреті" өзгерген. Бүгінгі күнде бұл берекелі отбасылардан шыққан жастар. Олар үшін интернет-технологияларын белсенді пайдалану үйреншікті жағдай. Есірткі таратушылардың қатарына олар "жеңіл ақша табуды" көздеп, төмен құқықтық сауаттылық, мәдениет және әлеуметтік жауапкершілік салдарынан түседі", - деді министр.

Ведомство басшысының дерегінше, бүгінгі таңда 6 кәмелетке толмаған бала сотталды. Тағы 26 жасөспірім жауапкершілікке тартылуда.

"Мұнда да бізбен келесі түзетулер әзірленді. Егер қылмыс бірінші рет жасалса, сондай-ақ, кінәлі тергеу органдарымен белсенді ынтымақтастықта болса, есірткі өткізушілерді жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады", - деп қосты Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу