"Берекелі шаңырақта" отырып береке кетті

398

Ақтаудың 16 шағын ауданындағы "Берекелі шаңырақтың" тұрғындары үш жылдан бері әкімдіктің табалдырығын тоздырып бітті.  

"Берекелі шаңырақта" отырып береке кетті Фото: lada.kz

Ақтау қаласында инфрақұрылымнан жұрдай бір шағын аудан бар. Онда не мектеп, не балабақша, не асфальт жол жоқ. Ал тұрғызылған үйлердің сапасы сын көтермейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Әкімдік әлсіз, тексеру жүргізбекке оқталса, мердігер Президент мараторийін желеу етеді.

Бүгінгі таңда көппәтерлі үйдің іші мен сыртында кемшілік көп. Ал мердігер мәмілеге келіп, тұрғындар талабын орындаудан бас тартады. Ауданда мектеп пен балабақша атымен жоқ, жол өз алдына тағы проблема. Шарасыз көпшілік енді Президентке үндеу жариялауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу