Березовка тұрғындарын көшіру күзге дейін аяқталады

908

Березовка тұрғындарын көшіру күзге дейін аяқталады

Батыс Қазақстан облысының Березовка және Бестау тұрғындарын көшіру биылғы жылғы күздің басына дейін аяқталады, деп хабарлады Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Өтегенов.
Көшіру мерзіміне қатысты "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің сұрағына ол: "2017 жылдың 1 қыркүйегіне дейін" деп жауап берді.
Шенеуніктің айтуынша, биылғы жазда Березовка ауылынан - 1336, ал Бестау ауылынан 104 тұрғын жаңа орынға қоныс тебеді.

Бұған дейін  алғашқы кезеңде Бөрлі ауданындағы аталмыш екі ауылдан 82 отбасы немесе  416 адам көшірілгені туралы хабарланды.  Олар Ақсай қаласында тұрғызылған екі көпқабатты үйге көшіп барады.  Қалған тұрғындарды 2016 жылдың соңына дейін көшіру көзделген болатын.
Аудандық әкімдіктің ақпараты бойынша,  осы көктемде  Ақсайда тоғыз қабатты екі үйдің құрылысы аяқталады, сондай-ақ қоныс аударушылар үшін 100 жеке үй салынады.
Березовка және Бестау ауылдары тұрғындарын басқа орынға көшіруді Karachaganak Petroleum Operating B.V.(KPO) қаржыландырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу