Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі – жоғары, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
- Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті;
- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2016 жылы Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі;
- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.