Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы перзентхананың жұмысымен танысты

695

Соңғы уақытта Жезқазғандағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты шағымдар көбейген.  

Берік Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы перзентхананың жұмысымен танысты Фото: gov.kz

Осыған орай облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы Жезқазған қаласындағы облыстық көпсалалы аурухананың жанындағы перзентханаға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

106 төсек-орынға арналған медициналық мекеме биыл қыркүйек айында ашылды. Қазір мұнда 105 маман жұмыс істейді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Л.Ранова мен "Жезқазған қаласының облыстық көпсалалы ауруханасы" КММ директоры М.Әбсалық перзентхананың үй-жайларында жылумен жабдықтау желілері мен басқа да коммуналдық жүйелерді қоса алғанда күрделі жөндеу жүргізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, мұнда қабырғалар жылытылған.

Өз кезегінде облыс әкімі облыстық көпсалалы аурухана басшылығына жылумен қамтамасыз етудегі елеулі олқылықтарды айтып, өзінің қыркүйек айындағы сапарында жылыту маусымына толық дайындық туралы баяндалғанын атап өтті.

"Перзентхана ана мен балаға қамқорлық жасауда, халықтың денсаулығын сақтауда өте маңызды. Сондықтан біз денсаулық сақтау нысандарына ерекше назар аударамыз. Перзентхана неге қысқа толық дайын болмады? Жақында ғана облыстық бюджеттен жертөлелерді жөндеуге қосымша 24 миллион теңге бөлдік", - деді Б.Әбдіғалиұлы.

Сондай-ақ, рейд барысында Жезқазған қаласының ЖЭО-дан медициналық мекемеге жылу беретін трассада қысымның іркілуі анықталды. Осыған байланысты өңір басшысы көпсалалы аурухана мен жақын маңдағы медициналық мекемелерге орталық жылу беруден тәуелсіз автономды жылыту жүйесін орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелер мен аналарды күтпеген төтенше жағдайлардан қорғау үшін ескі перзентхана ғимаратының бір бөлігін резервке дайындауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу