Берік Асылов ҚР Бас прокуроры лауазымына тағайындалды

1578

Президенттің ұсынысымен ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Берік Асылов бас прокурор болып тағайындалды. Тағайындауға сенат депутаттары келісім берді.

Берік Асылов ҚР Бас прокуроры лауазымына тағайындалды

Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.

1992-2001 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші, Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы басшылық лауазымдарында жұмыс істеді, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2006 жылдан бастап Батыс өңірлік көлік прокуроры, содан кейін Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 шілдедегі Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2011-2017 жылдары Алматы қаласының прокуратурасын, 2017-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасын басқарды.

2019 жылғы наурызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу