Отандық тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы ұстанымдарын ұстап тұру және халықаралық автомобиль тасымалдарын одан әрі дамыту үшін жыл сайын жүк автокөлік құралдарының паркін 500 бірлікке дейін жаңарту қажет. Бұл туралы ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Қамалиев баяндады.
"Биылғы жылдың 19 сәуірінде заңнамаға жүк автокөлік құралдары үшін алғашқы мемлекеттік тіркеу алымдарына коэффициенттерді төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді (3 жылдан 7 жылға дейінгі созғыш тартқыштар үшін 350 АЕК-тен 2 500 АЕК-ке дейін). Осы норманы қабылдағаннан кейін отандық тасымалдаушылар автокөлік құралдарын қолайлы бағамен алып, автокөлік құралдарының паркін едәуір толықтыра алады", – деді Берік Қамалиев.
Бүгінгі таңда Қазақстан Еуропа мен Азия елдерімен халықаралық автотасымалдаулар туралы 40-тан астам келісім жасады. Олардың ішінде ЕАЭО елдерімен, Грузиямен, Румыниямен, Сербиямен, Тәжікстанмен және Өзбекстанмен транзиттік тасымалдауды жүзеге асырудың рұқсатсыз жүйесі жұмыс істейді.