Берік Шәріптің қорғаушылары дәрігерлердің неге жаппай коронавирус жұқтырғанын анықтады

772

2 мың дәрігердің Сovid-19 жұқтыруына қорғаныш киімдерінің тапшылығы емес, ақ халаттылардың карантинді өрескел бұзғаны себеп. Бұны "СК-Фармация" сотында Берік Шәріптің қорғаушысы айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Берік Шәріптің қорғаушылары дәрігерлердің неге жаппай коронавирус жұқтырғанын анықтады

Дезинфекция заттарды дайындау кезінде үй-жайларда желдетудің болмауы, арнайы киімді сақтау ережелерін бұзу және медициналық қалдықтармен жұмыс тәртібін сақтамау. Бұл фактілер ауруханаларға жүргізілген тексеріс соңында анықталды. Адвокаттар бұл айғақтар Берік Шәріпке тағылған айыпты түбегейлі жоққа шығарады дейді. 

Еске сала кетсек, "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы төтенше жағдай режимі кезінде медициналық өнімдерді сатып алуда лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі соның салдары денсаулық сақтау саласына айтарлықтай зардабын тигізгенін мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу