Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов қажет болған жағдайда ел экономикасына сырттан қарыз тартуға толық мүмкіндік бар деп санайды. Бұл туралы ол онлайн-брифинг барысында айтты.
"Бүгінде мемлекеттік қарыздың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 23,6 пайызына тең. Бүгінгі таңда қауіпсіздік шегі ЖІӨ-нің 50 пайызы ретінде белгіленген. Яғни, мемлекеттік қарыздың мөлшері қауіпсіз деңгейде. Бұл бізге сырттан қарыз алып, оны эконмикаға бағыттауға мүмкіндік береді. Ондай мүмкіндік бар", – деді ол.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу