Берік Уәли Қазақстанның премьер-министрі қалай тағайындалатынын айтты

771

Конституцияға сәйкес, Президент биліктегі "Аманат" саяси партиясы ұсынған кандидатураны қарайды.  

Берік Уәли Қазақстанның премьер-министрі қалай тағайындалатынын айтты Фото: primeminister.kz

"Егер мақұлданса, мемлекет басшысы келісім беру үшін премьер-министрдің кандидатурасын парламент мәжілісінің қарауына енгізеді. Мәжіліс келіссе, президент бұл қызметке жаңа премьер-министрді тағайындайды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасы үкіметінің құрамын қалыптастыру процесі басталады", - деді Берік Уәли.

Қазақстан үкіметінің 2024 жылдың 7 ақпанына жоспарланған кеңейтілген отырысына дейін отставкаға кеткені осыған дейін хабарланған еді. Шара барысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалады.

Премьер-министр міндетін уақытша Роман Скляр атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу