Берік Уәли Мемлекет басшысының жазбалары неге кеш жарияланатынын түсіндірді

698

Сонымен қатар, баспасөз хатшы Президенттің демалыссыз еңбек етіп жатқанын атап өтті.  

Берік Уәли Мемлекет басшысының жазбалары неге кеш жарияланатынын түсіндірді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әлеуметтік желідегі кей жазбалары неліктен кеш жарияланатынын түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат zakon.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысы елдегі жалпы жағдайды жіті бақылап, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жариялымдармен танысуға үнемі уақыт табады. Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет деп тапқан жағдайда, жазба жариялап, қоғам назарына іліккен оқиғаларға қатысты өз көзқарасын білдіріп, тиісті тапсырма береді. Жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, мұндай жазбалардың кеш жариялануы түсінікті деп ойлаймын, – деп түсіндірді Берік Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу