Берік Уәли Президент әкімшілігінде қанша адам жұмыс істейтінін айтты

1548

Бұл туралы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.  

Берік Уәли Президент әкімшілігінде қанша адам жұмыс істейтінін айтты

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Әкімшілікте істейтін қызметкерлер санына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің саны жайында әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы аппараты қызметкерлерінің саны 3 мың адам деген жалған (фейк) ақпарат тарап жатыр. Шындығында Президент Әкімшілігінде 408 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің 50 қызметкері де бар. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын нақты дерекке сүйенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырамыз", – деп жазды баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ ол жалған ақпаратты қасақана таратқандардың жауапқа тартылатынын ескертті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу