Берик Уәли: Президент келісу процедураларына қарамастан шешім қабылдауға құқылы

922

Бұған дейін Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Президентінің 2019 жылдың 9 қазанындағы Жарлығына қатысты пікір білдірген болатын.  

Берик Уәли: Президент келісу процедураларына қарамастан шешім  қабылдауға құқылы

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли ҚР Президентінің 9 қазандағы Жарлығын тілшілерге түсіндірген Әділет министрінің сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Әділет министрінің пікірін қиынсыз деп санаймын. Мүмкін журналистердің төніп келуінен Марат Бекетаев шатасып, дұрыс тұжырымдама бермеген болуы керек. Бір қызығы, мұндай деңгейдегі лауазымды тұлға өзінің функционалдық міндеттері шеңберіндегі кез келген мәселені әрдайым дұрыстап түсіндіріп беруге қабілетті болуы керек", – деді Берік Уәли қазақстандық БАҚ көздеріне берген түсініктемесінде.

Баспасөз хатшының түсіндіруінше, Конституция – Президенттің міндеттері мен құзыреті нақты жазылған негізгі заң.

"Әртүрлі пікірге себеп болған осы жылдың 9 қазанындағы Жарлықта бір тармақ бар. Оған сәйкес, Президент саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғаларды тағайындауды және қызметінен босатуды келісу тәртібі туралы тармақта көрсетілген процедураларға қарамастан, шешім қабылдауға құқылы", – деді Берік Уәли.

Осылайша, мемлекеттің басты лауазымды тұлғасы, Конституцияның гаранты, Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде елдің негізгі заңына сүйене отырып, Президентке есеп беруге міндетті Үкімет мүшелерін, күштік құрылымдар мен өзге де ведомстволардың, сонымен бірге аймақ басшыларын тағайындауға қатысты шешімдерді қабылдайды.

Берік Уәлидің айтуынша, аталған Жарлықтың процедуралық сипаты бар. Ол Мемлекет басшысының өзінің конституциялық міндеттерін орындауға ешқандай әсер ете алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу