Берік Уәли Президент өкілеттігінің аяқталу мерзіміне қатысты ақпаратқа түсінік берді

352

Президент 2022 жылдың қарашасында жеті жылдық мерзімге сайланғаны белгілі.

Берік Уәли Президент өкілеттігінің аяқталу мерзіміне қатысты ақпаратқа түсінік берді Фото: Ақорда

Бүгін бірқатар шетелдік БАҚ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталатынын атап өтті. ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли осыған қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Inbusiness.kz сайты Qazaqstan Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздегі нақты жағдаймен таныс емес кейбір журналистің арасында түсінбеушілік туындаған. Шын мәнінде, Мемлекет басшысы "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында Конституцияны өзгерту және келесі сайлауға қатысу мақсатында 2026 жылы референдум дайындау туралы болжамдарды жоққа шығарды. Президент 2022 жылдың қарашасында жеті жылдық мерзімге сайланғаны белгілі. Конституцияға сәйкес, оның өкілеттігі 2029 жылдың қарашасында аяқталады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін президенттік өкілеттіктерді жеті жылдық мерзімге шектеуді ұсынды", - деп жауап берді Б.Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу