Берік Уәли Президенттің жұмыс кестесі туралы айтып берді

1055

"Қазіргі уақытта әлем бойынша сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер, келіссөздер тоқтатылып жатыр".  

Берік Уәли Президенттің жұмыс кестесі туралы айтып берді

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлемдегі коронавирус жағдайының Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесіне әсері туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Әрине, коронавирустың әлемге таралуы жағдайы Мемлекет басшысының жұмыс кестесіне де әсер етті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, пандемияға қарсы алдын-алу шаралары аясында Президенттің қатысуы жоспарланған бірқатар шаралар тоқтатылды. Оның ішінде Наурызды тойлау, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған парад бар. Бұған дейін Мемлекет басшысы 8 наурызға арналған салтанатты жиын мен мерекелік концертті де тоқтатқан болатын. Мұның барлығы азаматтардың қауіпсіздігі мен саулығы үшін жасалуда", – деді Берік Уәли.

Оның айтуынша, Президенттің халықаралық кездесулер кестесіне де өзгерістер енгізілді.

"Қазіргі уақытта әлем бойынша сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер, келіссөздер тоқтатылып жатыр. Сондықтан, Қазақстанда да бірқатар сыртқы саяси шаралар, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің министрлерінің кездесуі сынды жиындар кейінге қалдырылып немесе тоқтатылып жатыр. Сонымен бірге, Президенттің жұмыс кестесінің босап қалмағанын да атап өткен жөн. Пандемия біздің ұлттық мүдделерімізді қозғайтын экономикаға, қаржыға және халықаралық қатынастарға ықпал етуде. Сондықтан Мемлекет басшысы жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлер жағдайындағы елдің стратегиялық даму мәселелерін шешуге мән беріп отыр. Сонымен бірге, ол жедел әрекет етуге көбірек көңіл бөледі: жиналыстар мен кездесулер өткізеді, жағдайды қадағалайды және тиісті ведомстволардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстап отыр", – деді Б. Уәли.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу