Берілген қаражатты игере алмай отырған министрліктер аталды

820

Қазына қаражатын жарата алмағандар тізімін бұл жолы қорғаныс министрлігі бастап тұр. 

Берілген қаражатты игере алмай отырған министрліктер аталды

Бюджетке тиесілі 66 млрд теңге игерусіз келеді. Бүгін үкіметтің селекторлық отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 7 айдағы есепті таныстырып, тағы да бірқатар ведомстволардың жауапсыздығын жайып салды, деп хабарлайды Atameken TV.

Қазына қаражатын жарата алмағандар тізімін бұл жолы қорғаныс министрлігі бастап тұр - 12,5 млрд теңгені игермеген. Одан кейінгі орындарда 9,7 млрд-пен мәдениет және спорт министрлігі, - 7,7 млрд-пен  Ұлттық қауіпсіздік комитеті, 6,6 млрд теңгемен ауыл шаруашылығы болса,  ақпарат және коммуникациялар - 5,1 млрд-ты, ал ішкі істер министрлігі 3,4 млрд теңгені жұмсамаған.

Жалпы үкімет үнемдеген қаржы биыл  9,8 млрд теңге шамасында екен. 

"Жоғарғы сот бойынша – 0,8 млрд теңге күзету, өрт дабылына, рұқсаттарды басқаруды бақылау жүйесіне және судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге. Екіншіден, бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті құжаттардың дайын болмауы. Үшінші, жұмыстар кестесінен қалу", - дейді қаржы министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу