Берік Беркімбаев лауазымынан босатылды

561

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.  

Берік Беркімбаев лауазымынан босатылды Фото: gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Берік Беркімбаев 1980 жылы ақпанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2001); Болашақ бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Шеффилд Университетін (2015) бітірген.

2001-2004 жылдары-Алматы қаласы, Оңтүстік-Шығыс көлік аймағы бойынша ҚСжАО прокуроры, кадр жұмысы және ішкі қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры;

2004-2005 жылдары-ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК басқармасының аға прокуроры, Астана қаласы;

2005-2009 жылдары - ҚР Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша ҚСжАЕКБ бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы;

2009-2010 жылдары - ҚР Бас прокуратурасының Алматы облысы бойынша ҚСжАЕКБ бастығы, Талдықорған қаласы;

2010 жылы-Алматы облысы прокурорының кадр жұмысы жөніндегі аға көмекшісі, Талдықорған қаласы;

2010-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Әділет министрлігінің атқару өндірістерін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық лауазымдарында жұмыс істеді;

2011-2014 жылдары-Ақмола облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінің басшысы;

2015-2016 жылдары-Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары;

2016-2017 жылдары - ҚР ӘМ мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы;

2017-2018 жылдары-Ақтөбе облысы Әділет департаментінің басшысы;

2018-2022 жылдары-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

2022 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу