Берлин полициясы тарихи ғимарат Рейхстаг алдында фашистер сияқты амандасып, суретке түскен екі қытайлықты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
36 және 49 жастағы екі саяхатты белгілі тарихи ғимарат алында қолын көтеріп суретке түскен. Оларды ғимарат қызметкерлері байқап қалып, полицияға хабар берген. Туристер "конституциялық емес ұйымдардың белгілерін пайдаланғаны" үшін айыпты деп танылды. Алайда қытайлықтар жеке-жеке €500 айыппұл төлегеннен кейін бостандыққа жіберілді.
Айта кетейік, Германия қылмыстық кодекісінің "Федеративтік республика аумағында конституциялық емес ұйымдардың символикаларына тыйым салу туралы" 86а-тармағына сәйкес ұлтшыл-социалистік режим әрекеттерін насихаттауға рұқсат етілмейді. Осы Заң талаптарын бұзғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.