Берлинде теракт жасады деп күдік тудырылған тунистік Анис Амри Миланда атып өлтірілді, деп хабарлайды "Бильд" газетіне сілтеме жасаған "Интерфакс-АВН".
Дей тұрғанмен бұл бұған дейін Анис Амри Данияның Ольборг қаласында жүр делінген ақпаратқа қайшы келді.
Мәлім болғандай, дүйсенбі күні кешкісін Берлиндегі Брайтшайдплатц алаңындағы рождество жәрмеңкесінде адамдарды жүк көлігі таптап өткен болатын. Соның салдарынан 12 адам көз жұмып, 50 шақты адам жарақат алды.
Теракт жасауға пайдаланылған жүк көлігінен Анис Амридың құжаттары мен саусақ іздері табылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу