Бес айда 280,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді

370

Бір жылда елімізде өсімдік майының бағасы өзгере қоймаған.

Бес айда 280,8 мың тонна өсімдік майы өндірілді Фото: Latifundist.com

Биылғы қаңтар-мамыр айларында республикада 280,8 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді. Жылдық өсім – 15,5%, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Тазартылған май шығару көлемі бір жылда 14,7%-ға азайса, тазартылмаған май өндірісі 28%-ға артқан.

Еліміз бойынша өндірістің ең үлкен көлемі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: тазартылған май – 26,6 мың тонна, тазартылған түрі – 73,7 мың тонна. Тазартылмаған май өндіру бойынша үздік үштік қатарында Абай облысы мен Алматы орналасты. Ал тазартылған май шығару бойынша Алматы мен Шымкент көшбасшылар үштігінде.

Осы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша өсімдік майының бағасы бір жылда өзгерген жоқ. Күнбағыс майы былтырғыға қарағанда 0,9%-ға арзандап, зәйтүн майы бірден 19,1 пайызға қымбаттаған.

Өсімдік майының қымбаттауы елдегі 20 өңірдің тек тоғызында байқалды. Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Астанада, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелді. Ең аз қымбаттау Ұлытау облысында байқалса, ал ең қатты арзандағаны Шымкентте.

Күнбағыс майының ең қатты жылдық өсімі Астанада, ал ең аз өсімі Қызылорда облысында тіркелді. 

Зәйтүн майының бағасы өзге өңірлерге қарағанда Маңғыстау облысында қатты қымбаттаған.  Ең төменгі өсім Ұлытау облысында байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу