Бес боксшы жартылай финалға өтті

827

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалдық бәсекелері аяқталды.  

Бес боксшы жартылай финалға өтті

Қазақстан сапынан бес боксшы турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

49 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шаршы алаң иесі, моңғолиялық боксшыдан басым түсті. 

Қытай боксшысын ұтқан 56 келідегі Бейбарыс Жексен де жартылай финалда жұдырықтасады. 

69 келідегі Марғұлан Айдарұлы ирандық қарсыласын жеңіп, келесі айналымға өтті. Сондай-ақ, Үндістан боксшысынан айла асырған Дархан Дүйсебай (64 келі) жартылай финалда бақ сынайды. 

75 келідегі Азамат Бектас ширек финалда кореялық қарсыласынан мықтылығын дәлелдеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу