Ақтоғай ауданында браконьерлерден құтқарылған бес бөлтірікке "Игра престолов" фильміндегі көкжалдардың аттары берілді, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
Бөлтіріктерге Жаз, Нимерия, Леди, Призрак және Сұр жел деген аттар берілді.
Еске сала кетсек, жақында қасқырдың бөлтіріктерін сатпақ болған браконьерлер ұсталған болатын.
Оларға ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, енді 30 АЕК (75 750 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Қазір "Сарыарқа" агроөнеркәсіптік холдингінің қорықшысы Темірхан Базылов күшіктерді қамқорлығына алған. Бөлтіріктерге бір апта болды.
Күшіктер өсіп жетілген кезде, мамандар оларды еркіндікке шығару немесе агроөнеркәсіптік холдингте өмір сүруге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Бәрі де жануарлардың денсаулығына байланысты болмақ.
Қазір Қарағанды облысында қасқырлар саны 400-ге жетті. Оларды аулауға тыйым салынған.