Бес ел ЕО-ның Беларусьқа қарсы санкцияларына қосылды

544

2 шілдеде Литва билігі Беларусь аумағынан заңсыз мигранттардың келуіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізді.

Бес ел ЕО-ның Беларусьқа қарсы санкцияларына қосылды Фото: reuters.com

Бес ел Еуропалық Одақтың Беларусьқа қарсы экономикалық санкцияларына қосылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Еуроодақтың сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозеп Боррель мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Нақтырақ айтқанда, ЕО-ға мүше емес Солтүстік Македония, Черногория, Албания, Исландия және Норвегия Еуроодақтың Минскіге қарсы шектеу шараларын енгізу туралы шешіміне қосылуға уәде берді. 

Боррель ЕО олардың бұл шешімін құптайтынын атап өтті.

Бұған дейін ресми Брюссель Литва мен Польша шекараларындағы көші-қон жағдайының ушығуына байланысты Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігін қарастыратыны туралы хабарланған болатын.

2 шілдеде Литва билігі Беларусь аумағынан заңсыз мигранттардың келуіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізді. Литва шекарашыларының айтуынша, мұндай мигранттардың саны 2020 жылмен салыстырғанда 20 есе өскені. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу