Бес ел Ресейді Украина шекарасындағы шиеленісті басуға шақырды

4733

7 желтоқсанда Путин мен Байден тағы да келіссөз жүргізеді.

Бес ел Ресейді Украина шекарасындағы шиеленісті басуға шақырды

АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және Италия елдері Ресейді Украина шекарасындағы шиеленісті басуға шақырды. Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон америкалық Президент Джо Байденмен, Германия канцлерінің міндетін атқарушы Ангела Меркельмен, Франция Президенті Эммануэль Макронмен және Италия Премьер-Министрі Марио Драгимен келіссөз жүргізу барысында осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Ресми Париждің айтуынша, мемлекет басшылары Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздерді "Норманд форматы" аясында қайта бастау жағын қолдайды. Олар Украинаның егемендігін құрметтейтінін білдіріп, Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін жариялады.

Борис Джонсон Лондон Ресейдің Украинаға қарсы кез-келген агрессиясының алдын алу үшін барлық экономикалық және дипломатиялық құралдарды пайдаланатынын мәлімдеді. 

Ескере кететін жайт, Путин мен Байден 7 желтоқсанда видео байланыс арқылы келіссөз жүргізеді. Олар Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасы, НАТО-ның әрекеттері, Украинадағы жағдайды талқылайды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: @MinistryofDefence.UA/Facebook

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу